• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Үлкен ел- Үлкен отбасы» акциясы басталды

Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Үлкен ел- Үлкен отбасы» акциясы басталды

14 Қаңтар, 2016 14:47
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Үлкен ел- Үлкен отбасы» Республикалық акциясының Жамбыл облысында алау алу рәсімі салтанатты жағдайда өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Іс- шараға Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының қызметкерлері және аймақтық ассамблеяның ғылыми –сараптамалық тобы, ЭМБ белсенділері мен басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Сонымен қатар салтанатты шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары М.Қожаева, аймақтық ассамблеясы төрағасының қоғамдық негізде орынбасары М.Тұрдиева, аймақтық ассамблеясының аналар Кеңесінің төрайымы М.Миражапова, облыс жастары атынан аймақтық ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының мүшесі, Тараз қаласы «Қайнар» колледжінің физика пәнінің мұғалімі С. Магомедова қатысып сөз сөйлейді.

Жалпыреспубликалық жобаның ұсынушысы Ұлт көшбасшысы,ҚХА төрағасы Н.Назарбаев болып табылады, ол ұлт жоспарының төртінші «Біртектілік пен Бірлік» бөлімінде көрсетілген.Кең көлемді акцияның ерекшелігі сонда, оған еліміздің әрбір азаматының қатысуға мүмкіндігі бар, ол Қазақстан халқының ынтымағын берік ете түседі.

Алдағы уақытта 35 ірі іс-шара өткізу жоспарланған, оның ішінде ҚХА халықаралық медия форумдарын, көп сериялды документальды фильмдер шығару,еліміздің қонақ жайлы туристік виртуалдық картасын жасау. Сонымен қатар отбасылық дәстүрлерді және құндылықтарды сақтау мақсатында әр түрлі байқаулар өткізіледі.

 

Барлық жаңалықтар