- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында атқарушы билік, кәсіпорындар мен кәсіподақтар дағдарысқа қарсы меморандумға қол қоюда
Ақтөбе облысында атқарушы билік, кәсіпорындар мен кәсіподақтар дағдарысқа қарсы меморандумға қол қоюда
Облыс әкімі әлемдік экономикада болып отырған қазіргі жағдайда ірі кәсіпорындармен, тауар өндірушілермен, шағын және орта бизнеспен, басқа да шаруашылықтармен жұмысты үйлестіріп, бірлесе жұмыс істеу керектігін атап өтті. Тұтастай алғанда, экономикалық дағдарыс жәрдемақылар мен жалақылардың кешіктірілуіне себеп емес. Облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының жұмыссыздығы жалпы республикалық көрсеткіштен 0,2 пайызға төмен. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуының нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылды, еңбек ұжымдарында тұрақтылық сақталып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Сонымен қатар, өңір басшысы облыстың басты саласы — мұнай-газ секторы экономикалық сипаттағы жағымсыз ішкі әсерге тап болғанын жасырмады.
«Осыған байланысты кәсіпорын басшыларымен жұмысты күшейттік, қосымша резервтерді іздестіретін жұмысшы тобы құрылды», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Жергілікті билік өткен жылдың соңғы тоқсанында облыс бюджетіне 5 миллиард теңгеден астам қосымша көзді таба білді және 20 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.
Сондай-ақ газ-мұнай саласында ұйымдастыру тәсілін қайта қарау арқылы резервтер іздестіруге болады. Мәселен, облыс әкімі мұнай саласындағы қазақстандық қолдау мәселесіне ерекше көңіл аударды. Импортқа тәуелділікті қысқартып, бюджетті толықтыру және жаңа жұмыс орындарын ашу керек.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжэньнің айтуынша, бүгінгі күні кәсіпорынның сатып алу жөніндегі қазақстандық үлес ұлғайып, 20 пайызға жуық құрады.
Кәсіпорын мұнай және газ өндіру жоспарын көтерді. Алайда, бұл өнім бағасының түсіп кетуіне байланысты компанияның кірісі 311 миллиард теңге құрады, бұл жоспардан 35 пайызға төмен. АҚ жұмыс істеген 18 жыл ішінде бірінші рет осындай жағдайға тап болып отыр.
Дегенмен, компания еңбек келісімі шарттарын және өзіне алған әлеуметтік міндеттемелерді орындап шықты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері