• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның фермерлер одағы Мәжіліс пен мәслихатта мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасын қолдады

Қазақстанның фермерлер одағы Мәжіліс пен мәслихатта мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасын қолдады

13 Қаңтар, 2016 18:49
Қазақстанның фермерлер одағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасын қолдады.

«Қазақстанның фермерлер одағының атынан Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасын қолдаймыз.

Саяси және экономикалық тұрақтылық үшін фермерлер одағы Ұлт жоспарының стратегиялық бағытын дамыту  мен Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін нығайтып, көбейтуге жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Қазақстан үшін халықтың сенім мандатын алу өте маңызды.

Барлық қазақстандықты Парламенттегі мерзімінен бұрын сайлауды өткізу бастамасын қолдауға шақырамыз», - делінген үндеуде.

Барлық жаңалықтар