• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Бектаев: Мерзімінен бұрын сайлауды өткізу Қазақстанды жаңа даму шекарасына алып шығады

Ә.Бектаев: Мерзімінен бұрын сайлауды өткізу Қазақстанды жаңа даму шекарасына алып шығады

13 Қаңтар, 2016 17:04
«Ауыл» Халықтық-демокаратиялық патриоттық партиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауды өткізу бағытын қолдайтындарын мәлімдеді. «Ауыл» Халықтық-демокаратиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевтың мәлімдемесіне орай, мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау қиын кезеңде ұлтты біріктіруге көмектесіп, Қазақстанды дамудың жаңа деңгейіне әкеледі.

«Біз «Ауыл» партиясының мүшелері, Парламент Мәжілісі мен барлық  деңгейлі мәслихат депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауды өткізу бағытын қолдаймыз. Бүгінгі күні барлық қазақстандықтардың алдында Бес институционалды реформа мен дағдарысқа қарсы стратегияны  іске асыру міндеті тұр. Алға қойған мақсаттарды ойдағыдай орындау үшін, өзіміздің ертенімізге сеніммен қадам басып,  экономикалық саясаттың болжауға болатындығы сенуіміз қажет»,- деп хабарлады.

«Біз, партия фермерлері, ауылдықтар, мерзімінен бұрын сайлаудың өтуі және жаңа Парламенттің қалыптасуына  қойылған міндеттерді толық жүзеге асыру мақсатында  халық сенімділігінің мандатын алуға және жаһандық дағдарыстан шығып, Қазақстанның келешектегі дамуына септігін тигізеді деп ойлаймыз».

Бүгін біздер барлық саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын болатын сайлауын қолдауға шақырамыз. Біз сенеміз, мерзімінен бұрын сайлау Қазақстанды жаңа деңгейге көтереді»,- деді Ә.Бектаев.

Барлық жаңалықтар