• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттар халық қолдауына тағы бір мәрте ие болуы үшін сайлауға қатысуы тиіс – ҚКХП (ВИДЕО)

Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттар халық қолдауына тағы бір мәрте ие болуы үшін сайлауға қатысуы тиіс – ҚКХП (ВИДЕО)

15 Қаңтар, 2016 18:37
Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттар сайлауға халық қолдауына ие болуы үшін қатысуы тиіс.Мұндай пікірді Қазақстан коммунистік халық партиясының хатшысы Тұрғын Сыздықов білдірді.

«Біз сайлауға дайынбыз. Жылдан жылға біздің парламент өзгеріп келеді. Негізі партиялардың да саны көбейіп жатыр. Олардың халыққа деген қызметі бағалануда. Бұл сайлауға басқа партиялар да қатысады деген ойдамыз. Біз үшін дағдарыс уақытында елде дүрбелең жасамай, Елбасының айтқан бағдарламларын сапалы түрде орындап, экономикамызды көтеріп, дағдарыстан шығу – ең бірінші мақсат. Біз үшін өзіміздің тәуелсіздігімізден артық, бірлігімізден артық ештеңе жоқ. Ал басқа жағдайлар, мәселен, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту біздің бағдарламада қарастырылған. Біз ол жолымыздан таймаймыз. Өз жолымызбен жүріп, халықтың сөзін сөйлейміз. Халық кімді қолдайтынын өзі шешеді», - деді ҚКХП хатшысы Тұрғын Сыздықов.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісі мерзімінен бұрын сайлау өткізуді ұсынған болатын. 

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар