ҚР-на Филиппо Ломбарди ресми сапармен келеді

11 Қараша, 2013 11:38
12-14 қараша аралығында Швейцар конфедерациясы кантондар кеңесінің төрағасы Филиппо Ломбарди ресми сапармен келеді. Бұл жайлы бүгін ОКҚ брифингінде ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

«12-14 қараша аралығында қазақстандық тараптың шақыруымен Швейцар конфедерациясы кантондар кеңесінің төрағасы Филиппо Ломбарди ресми сапармен келеді», - деді ол.

Әбибуллаевтың айтуынша, жоспарланған сапар аясында бірқатар екіжақты келісімдер түзілмек. Басты назарда парламентаралық әріптестікті нығайту, халықаралық ұйымдар шеңберінде бірігіп жұмыс істеу, сонымен қатар кеңейтілген сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастар мәселесі талқыланбақ.

 

 

Барлық жаңалықтар