- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Жазылбеков: Парламент Мәжілісі қабылдаған заң жобалары өзінің нәтижесін көрсетеді
Н.Жазылбеков: Парламент Мәжілісі қабылдаған заң жобалары өзінің нәтижесін көрсетеді
«Бүгін Мемлекет басшысына мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныс жасадық. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Қазірде әлемдік дағдарыс біздің еліміздің экономикасына да ықпал етіп жатыр. Дүниежүзіндегі дағдарыс кезінде Елбасының Ұлт жоспарын іске асыруға байланысты Парламент 59 заң қабылданды. Осы заңдардың бәрін орындап, олар қоғамның игілігіне жұмыс істеуі үшін Парламенттегі үш фракция осындай ұсыныс берді», - дейді депутат.
Оның пайымдауынша, Мәжіліс сайлауы жергілікті мәслихаттардың сайлауымен бірге өтуі керек. Осылайша, жаңа Парламент пен мәслихаттар Елбасының реформаларын жүзеге асыруға атсалысуы тиіс.
«Бүгінде жергілікті атқару органдарына байланысты үлкен заңдар қабылданған. Мәслихаттарға, жергілікті әкімшіліктерге үлкен жағдай жасалып отыр. Бүгінгі күні олардың өз бюджеті бар. Реформалардың көбі жергілікті атқару органдарының жұмысына қатысты. Сондықтан жаңа Парламент, жаңа мәслихаттар Елбасының тапсырмасын, реформаларды жүзеге асырып, қоғамға, халыққа қызмет етуі қажет. Жалпы, бұл реформалар тек Парламент пен Үкіметтің жұмысы ғана емес, бүкіл қоғам, ел болып қойылып отырған мақсат-міндеттерді бірге атқаруымыз керек. Сонда ғана біз зор нәтижеге қол жеткіземіз», - деген Нұрлан Жазылбеков Парламенттің осы жылдары атқарған жұмысына бағаны қоғам беретінін тілге тиек етті.
«Біздің жұмысымызға бағаны қоғам береді. Сайлауға қанша партия қатысатынын білмейміз. Қазақстандықтар қоғамға жұмыс істеп жатқан партиялардың таңдайды деген ойдамыз. Жалпы, осы жылдары үш фракция да жаман жұмыс атқарған жоқ. Парламенттің жұмысына Елбасы да үлкен баға беріп отыр», - деп түйіндеді сөзін депутат.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»