- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Никитинская: Жаңа Мəжіліс нарықтық жағдайды жете түсінетін депутаттардан құралуы керек (ВИДЕО)
Е.Никитинская: Жаңа Мəжіліс нарықтық жағдайды жете түсінетін депутаттардан құралуы керек (ВИДЕО)
«Бүгін Мəжілістегі үш фракция мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірауыздан депутаттрдың уəкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы үндеу жариялады. Депутаттардың пікірінше, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім орынды. Себебі, бірқатар геосаяси оқиғалар мен экономикалық дағдарыс басталған 2015 жылдың басында осы сын-қатерлердің алдын алу үшін жаңа шараларды қолға алу керек болды. Сондықтан, еліміз маңызды бағдарламаларды қабылдап, Үкімет дағдарысқа қарсы іс-шараларды қолға алды. Міне, сол аралықтан бері Мəжіліс қарқынды жұмыс атқарды», - дейді Е.Никитинская.
Яғни, оның пайымдауынша, шамамен 80-ге жуық заң жобасын қабылдаған Мәжіліс бес институционалдық реформаның заңнамалық негізін қалыптастырып берді.
«Бұл заңнамалық негіз алға басуға мүмкіндік бергенмен, Қазақстан халқына үндеу арнай отырып, жаңа бағдарлама – 5 институттық реформаның бастауында халықтың саяси шешім қабылдауына мүмкіндік беру керек. Сондықтан, Парламенттегі фракциялардың əрқайсысы жеке-жеке отырыстарын өткізіп, кəсіби біліктілігі жоғары жаңа Парламент қалыптастыру үшін осындай ортақ шешімге келді. Сонымен қатар, Мəжіліс депутаттарының сайлауымен қатар мəслихаттар сайлауын өткізу туралы бастама көтерді. Бұл неге керек десек, біз биліктің барлық буынында қоғамның жаңа құрылымын енгізе бастауымыз керек», - дейді депутат.
Оның айтуынша, жаңа сайланатын Мәжіліс уақыт үдесінен шығып, заман талабына жауап беруі маңызды.
«Егер үндеу қолдау тапса, онда сайланатын жаңа Мəжіліс нарықтық жағдайды өте жақсы түсінетін депутаттардан құралуы керек. Себебі, егер депутат нарықтағы жағдайды білмесе, əлеуметтік əділетті мемлекет құрылмайды. Екіншіден, жаңа парламенттің құрамы жастардан құралса, нұр үстіне нұр болады», - деп қорыттын сөзін «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаты.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады