- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА депутаттар ұсынған Мәжілістің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасын толығымен қолдайды
ҚХА депутаттар ұсынған Мәжілістің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасын толығымен қолдайды
«Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Парламенті депутаттарының елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізу туралы үндеуін толығымен қолдайды.
Бұл қадам Бес институционалды реформаларды, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын тиімді іске асыру үшін аса қажет.
ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымдағы депутаттарының құрамы өзінің тарихи рөлін атқарды. Ұлттық заңнамаға ел тарихында бұрын-соңды болмаған кең көлемді өзгерістер енгізуді жүзеге асырды.
Президенттік реформалар аясында қабылданған заңдар мемлекеттің, экономиканың, қоғамның дамуында түбегейлі жаңа құқықтық негіз қалыптастырды.
Мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын бекіту, азаматтық қағидаты негізінде жаңа қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту үшін елдің жоғары заң шығару органының жұмысына жаңа сапа қажет.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ел Үкіметімен синхронды жұмысты қамтамасыз ету маңызды.
Күрделі жағдайда заң үстемдігін қамтамасыз ету, ашық үкіметті қалыптастыру, Қазақстан экономикасының әрі қарай өсуіне жағдай жасау жөніндегі терең реформалардың тиімділігі үшін Заң шығару органының мандатын жаңарту –орынды бастама.
Біз Ұлт жоспары, Парламент Мәжілісі депутаттарының жаңа құрамын сайлау – барша халықтың экономикалық және азаматтық белсенділігін арттыру үшін қуатты қозғалтқыш күш болатына сенімдіміз.
Бұл Президенттік реформалардың орасан зор бағдарламасын іске асыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Біз барлық азаматтарды - біздің ортақ мүддеміз бен ортақ мақсатымыз үшін, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп өркендеуі жолында парламент сайлауын және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысты қолдауға шақырамыз», - делінген Үндеуде.
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
АҚШ Президент Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды -
Пандемияға 1 жыл: Той-томалақ өткізу көбейе берсе, коронавируспен күресіміз жалғаса береді - пульмонолог -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады -
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты -
Қазақстан халық партиясы депутаттар тізімін жариялады -
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады