Көкшетауда қуаттылығы 180 МВт жылу электр станциясын салу жоспарлануда

13 Қаңтар, 2016 14:47
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин China Sinogy Electric Engineering Co., Ltd» (CSEEC) атты қытай компаниясымен Көкшетау қаласында жылу электр станциясын құру бойынша меморандумға қол қойды, деп хабарлайды әкімдік.

Аймақтың  энергетикалық әлеуетін арттыру мақсатында 180МВт және 450 Гкал/сағ ЖЭС салу туралы шешім қабылданды. Бұл жоба өз кезегінде сенімділікті жақсартып,  тұрақты электр мен халықты жылу энергиясымен қамтамасыздандыруға, сонымен қатар қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары мен облыс орталығын жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық білдірген барлық инвесторларға аймақ ашық екендігін аймақ басшысы «China Sinogy Electric Engineering Co., Ltd» (CSEEC) атты қытай компаниясымен болған кездесуде атап өтті.

«Қытай-сенімді әріптес, және бұл біздің алғашқы ынтымақтастық тәжірибеміз. Бұл жоба бірнеше рет талқыланды. Аталмыш жоспарды іске асыру барысында бір талап қойылады, ол – элект әзірлеу барысында қазақстандық көмірді қолдану»,-деді әкім

 

Барлық жаңалықтар