• Басты
  • ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер арасында дене даярлығы бағдарламасы бойынша сабақтар басталды (ФОТО)
14 Қаңтар, 2016 09:07

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер арасында дене даярлығы бағдарламасы бойынша сабақтар басталды (ФОТО)

Оқу жылының басталысымен ҚР Қарулы Күштерінде ҚР ҚК әскери қызметшілері арасында дене даярлығы бағдарламасы бойынша оқу-жаттықтыру, әдістемелік-нұсқаулық және көрсетілімді сабақтар басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер арасында дене даярлығы бағдарламасы бойынша сабақтар басталды (ФОТО)

 Сабақтар әскери-қолданбалы жүзу, шапшаң қозғалу, шаңғы дайындығы, гимнастика, спорттық және ширақтылықты қажет ететін ойындар мен қоян-қолтық ұрыс бойынша «Астана арена», «Қазақстан» және «Алатау» спорттық кешендерінің спорттық базасында ұйымдастырылды. 

Одан басқа, әскери қызметшілердің дене даярлығына қойылатын талаптар күшейтілді.  Өткен жылдан бастап жаңа жас ерекшелік топтары қосылды. Егер бұрын әскери қызметшілердің дене даярлығы бойынша сабақтар мен нормативтерді тапсырудың барынша жасы 45 жасты құраса, қазір барлық жеке құрам тартылған.  Бір сөзбен айтқанда, әскери қызметші «сап түзеп» тұрғанша, ол өзінің жас ерекшелігі тобы аясында міндетті түрде спортпен шұғылданып, өзінің дене пішінін бір қалыпта ұстап тұруы тиіс. Осынау барлық шаралар өзінің тиімділігін көрсетті.

ҚР ҚК-нің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері ұдайы негізде президенттік тестілерді, ай сайын дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсырады, ал жылдың соңында қорытынды тексерісте көрсеткіштерін растайды.   Дене даярлығы бағдарламасы бойынша оқу қорытындысы негізінде сынақ өткізіледі, қанағаттанарлықсыз баға алған әскери қызметшілер бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі.   Әскери сарапшылар жауынгерлік даярлық нәтижесінің 70%  жауынгерлердің дене шынығуына тікелей байланысты екенін баяғыда мойындап қойғанын айта кеткен жөн. Дене даярлығы жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігінің негізі болып табылады.


 

Барлық жаңалықтар