• Басты
  • Жаңалықтар
  • Неміс депутаттар Қазақстанға реформаларды жүзеге асыруда табыс тіледі – СІМ

Неміс депутаттар Қазақстанға реформаларды жүзеге асыруда табыс тіледі – СІМ

13 Қаңтар, 2016 19:23
Берлин қаласында Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бундестаг депутаттары – Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) мүшелелерімен кездесті, деп хабарлалды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған кездесу барысында Елші неміс тарапын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Даму, өсу, реформа» атты жолдауының негізгі аспектілермен, «Нұрлы жол – Болашаққа жол» Жаңа экономикалық саясатымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныстырды және осы стратегиялық құжаттар аясында екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың кеңейту мүмкіндіктерін  белгіледі.

ГФР ЕКПА-дағы  делегациясының басшысы Аксель Фишер неміс депутаттарының атынан Қазақстан басшылығының елімізде құрылымдық түбегейлі өзгерістерді, оның ішінде бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруын қолдап, қойған мақсаттарға қол жеткізуге табыстар тіледі. Неміс парламент мүшелері екіжақты ыңтымақтастық шеңберінде ГФР тәжірибесі және инновацияларын тарту жөніндегі реформаларды жүзеге асыруға көмек көрсетуіге өздерінің дайындықтарын білдірді.

Кездесу барысында Бундестаг депутатары 2015 ж. 15 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге жоғары баға беріп, оның Қазақстан мен Еуропа арасындағы барлық бағыттардағы қарым қатынастарды дамытудағы аса маңыздылығын атап өтті. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтарда ҚР мен ГФР арасындағы ынтымақтастықтың өзекті жағдайы мен келешектерін талқылады.

 

Барлық жаңалықтар