Қытай ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді түрде қатысуға ниет білдірді

13 Қаңтар, 2016 14:32
Қытай ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді түрде атсалысуға ниет білдірді. Бұл жөнінде Қытай Халық Республикасындағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышевтің ҚХР Халықаралық сауда-саттыққа жәрдемдесу комитеті төрағасының орынбасары Ван Цзиньчжэнмен кездесуінде белгілі болды.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жақ Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне Қытайдың қатысу мәселесін талқылады. Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» аясында өткізілетін экономикалық, инвестициялық және мәдени шаралар туралы сөз қозғалды.

ҚР Елшісі көрмеге арнайы жүргізіліп жатқан дайындықтар мен жалпы Қазақстанның инвестициялық әлеуеті жайлы айтып берді.

Ван Цзиньчжэнь Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты жоғары дәрежеде бағалайтынын мәлімдеді. Әсіресе ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің арасындағы ынтымақтастықты ерекше атап өтті.

«ЭКСПО екі мемлекеттің энегетикалық, көлік және инфрақұрылымдық салаларындағы кәсіпорындардың ынтымақтастығын нығайтатын бірегей алаңға айналғалы отыр. Сондай-ақ, Қазақстан қытайлық саяхатшылар арасында танымалдылыққа ие болады деп үміттенемін»,- деді Ван Цзиньчжэнь.

 

 

Барлық жаңалықтар