• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Ахметжанов: Мемлекеттік қызметкерлердің жаңа моделі орган өкілдеріне сенімділігін қалыптастыру мен мансаптың тұрақтылығына мүмкіндік береді

С.Ахметжанов: Мемлекеттік қызметкерлердің жаңа моделі орган өкілдеріне сенімділігін қалыптастыру мен мансаптың тұрақтылығына мүмкіндік береді

13 Қаңтар, 2016 13:34
Мемлекеттік қызметкерлердің жаңа моделі қызметкерлердің сенімділігін қалыптастыру мен қызмет мансаптарының тұрақтылығына мүмкіндік береді, деді ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов.

«Мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық модель жүйесі өздері қызмет ететін мансаптарының тұрақты мемлекеттік қызметкерлердің сенімін қалыптастыруға, алға басуға септігін тигізеді. Жаңа элементтерді енгізу, тиісінше мемлекеттік қызметкерлердің мансап моделінде мемлекеттік аппараттың кәсіпқойлығын жоғарылатады»,- деді С.Ахметжанов .

Мемлекеттік қызметкерлердің мансап моделі меритократиялық қағидада,  еңбегі мен жетістіктерінің біліктіліктері арқасында құрылды, деп атап өтті.

Және, келешекте мемлекеттік қызметкерлердің мансап сатысына көтерілуі конкурстық іріктеу арқылы жүргізілетіндігін хабарлады.

«Бірінші конкурс- ішкі, бұл жерде өздерінің мемлекеттік органдары арасында өткізіледі. Содан кейін, кандидат ішкі конкурс қорытындысы бойынша анықталмаса, барлық мемлкеттік органдар ішінде ішкі конкурс өткізіледі. Бұл тұрғыда мемлекеттік қызметкер кондидаты немесе қазіргі қызметкер ішкі конкурсқа қатыспайды және тестілеу кезеңін өтпейді. Тек мемлекеттік органдарда сұхбаттасу өтеді»,-деп түсіндірді С.Ахметжанов.

Барлық жаңалықтар