• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда «Б» корпусы мемқызметкерлеріне арнаған ротация институты енгізіледі

Қазақстанда «Б» корпусы мемқызметкерлеріне арнаған ротация институты енгізіледі

13 Қаңтар, 2016 13:18
Қазақстанда «Б» корпусы мемқызметкерлеріне арнаған ротация институты енгізіледі.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов мәлім етті.

«Жаңа реформаның, заңнаманың қағидаттарына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің ең біріншіден әлеуметтік жеке құқықтары сақталуда. Ол еңбек нормаларына сай қосымша мемлекеттік органның қажетті міндеттерін атқаруға байланысты уақытын бөлгеніне қосымша бонус ретінде немесе басқа төлемдер көзделген», -деді С. Ахметжанов.

«Мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған. Мұндай жүйені 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр. Бұл жерде 2016 жылы бүгінде «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жоғарылайтынын айта кету керек»,-деп атап өтті ҚР Президенті.

Айта кетейік, жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы жарияланған болатын.

Барлық жаңалықтар