- Басты
- Жаңалықтар
- Геосаяси күрделі жағдайда мерзімінен бұрын сайлау өткізу уақыт талабы – Б.Аяған (ВИДЕО)
Геосаяси күрделі жағдайда мерзімінен бұрын сайлау өткізу уақыт талабы – Б.Аяған (ВИДЕО)
«Бүгін, 2016 жылдың 13 қаңтарында Қазақстанның саяси тарихында елеулі оқиға болып отыр. Себебі, дәл бүгін Қазақстан Республикасы Мәжілісінің үш фракциясының басшылары парламенттің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату және Мәжілісті тарату туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үндеу жолдап жатыр. Бұл үндеуді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров оқыды, одан кейін брифинг өтті», - дейді Б.Аяған.
Оның айтуынша, бүгінгі саяси оқиғаны қазақстандықтар сабырлықпен қабылдайды. Себебі, саяси тарихта мұндай жағдайлар болып тұрады. «Парламентті таратып, оны қайта сайлау тәжірибеде бар. ҚР Конституциясы бойынша, 2 айдан кейін сайлау өтуі керек. Сайлау наурызда өтеді. Осы арада әркімнің көкейінде неліктен Парламент тарады, неге осындай шешім қабылданды деген сұрақ жүрген болар. Сондықтан, дер кезінде сайлауды өткізіп алған дұрыс. Дағдарыспен біз қосыла күресуіміз керек. Қазіргі дағдарыс әлемдік деңгейдегі дағдарыс. Біз, яғни, жас мемлекет Қазақстан түгіл, Қытай, АҚШ, Ресей сияқты алпауыт мемлекеттердің өздері дағдарысқа тойтарыс бере алмай отыр. Осы жағдайда біздегі маңызды мәселе саяси реформалар тәз әрі жинақы өткізіліп отыруы керек. Осы орайда, Елбасының 5 институционалдық реформасын атап өткен жөн деп оайлаймын», - дейді Б.Аяған.
Оның айтуынша, Мәжіліс таратылғанымен, Сенат орнында қалып, жұмыс істей береді. Сонымен қоса, наурыз айында жергілікті мәслихаттардағы сайлау қайтадан өтеді. Бірақ олар өздерінің жұмыстарын жалғастырмақ. Мәжіліс пен мәслихат сайлауы наурыз айында бірге өтеді.
«Сондықтан, наурыз айында жаңа Парламент, жаңа саяси серкелерді, жаңа саяси күштерді көреміз деген ойдамын. Қазіргі Мәжілісте 107 депутат жұмыс істеп жатыр. Соның бұрынғы құрамынан 43 депутат жұмыс жасауда. Сондай-ақ, Мәжіліс құрамында ҚХА-дан өткен 9 депутат бар. Осы құрам өзгермеуі тиіс, себебі ол конституциялық норма. Бұрынғы Мәжәліс 2012 жылдың қаңтар айында сайланған болатын. Олар 4 жылда көп жұмыс атқарды», - деді Бүркітбай Аяған.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы