• Басты
  • Жаңалықтар
  • Заңнамалық және атқарушы билік әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне назар аударуы керек (ВИДЕО)

Заңнамалық және атқарушы билік әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне назар аударуы керек (ВИДЕО)

13 Қаңтар, 2016 12:59
Заң шығарушы және атқарушы билік әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бар күшті шоғырландыруы тиіс. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров осындай пікір білдірді.

«Мəжілістің мерзімнен бұрын төменгі палатаның сайлауын өткізу туралы бастамасы «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру бойынш биліктің заңнамалық жəне атқарушы міндетін жеделдетеді. Бəлкім, кейбіреулер парламенттік сайлауды өз уақытымен бір жылдан кейін өткізу керек еді дейтін болар, бірақ, əлемдегі қиын экономикалық жағдайлардың шешімі бір жыл күте алмайды. Сонымен қатар, бүгін мəслихат сайлауын қоса өткізу туралы ұсыныс айтылды. Бұл жерде, демократия жағдайында өзін-өзі басқарушы жергілікті биліктің жұмысында барлық деңгейдегі мəслихаттар үлкен орын алып отырғаны белгілі», - дейді М.Сыдықназаров.

Оның айтуынша, мəслихаттар жергілікті биліктің, яғни, облыстардың бюджетін қалыптастырады.

«Тағы бір айта кететін жайт, қиын геосаяси жағдайлар мен сыртқы сын-қатерлерді ескерсек, еліміздегі əлеуметтік-саяси жобалардың жүзеге асырылуын кешеуілдетсек, жоғарыда айтқан жаһандық қиындықтар біздің елімізге төнетін қауіптерді күшейте түседі. Сондықтан, уақыт жоғалтуға болмайды. Еліміз тез арада дағдарыстың алдын алу жəне дағдарыстың салдарларын жою шараларына көңіл бөлуі керек», - деген пікірде ол.

Сарапшының пайымдауынша, тағы бір маңызды жайт, жаңа Парламент сайлауы күн тәртібіндегі негізгі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша Қазақстанның азаматтық қоғамы мен билік арасындағы пәтуаны заңды деп тануға мүмкіндік береді. Осылайша, заң шығару мен атқарушы билік әлеуметтік-экономикалық сұрақтарды шешуге бар күш-жігерді шоғырландыратын болады.

 

Барлық жаңалықтар