• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тәртіп жөнінде жаза болған жағдайда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына әсер етеді- вице-министр

Тәртіп жөнінде жаза болған жағдайда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына әсер етеді- вице-министр

13 Қаңтар, 2016 12:47
ОКҚ баспасөз-конференциясында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министрі Айгүл Шаимова Қазақстанда мемлкеттік қызметкерлердің жалақысы олардың тәртіп жөніндегі жазалардың болуына немсе болмауына байланысты болады деп атап өтті.

«Тәртіп жөніндегі жаза болаған жағдайда ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысына әсерін тигізетін болады.  Қазіргі кезде жалақыны төлеуде біздер негізгі төлем және бонустық жүйеге көшудеміз.  Бонустық бөлік өз кезегінде қызметкердің бонусты алуы немесе алмауына байланысты болады. Ол тәртіптік іс-қимылдардың болмауына байланысты. Егер мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылатын болса, оған бонустар төленбейді»,- деді А.Шаимова.

Оның айтуы бойынша, бонустар тек аса тиімді қызметкерлерге ғана қарастырылатын болады, «өз еңбек өтілімдерінде, бастапқы берілген төлемдеріне үстеме қосуға болатындықтарын дәлелдегендері үшін».

«Кеңесте бірінші рет тек тәртіп жөніндегі істер қарастырылмай, сонымен қатар  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін талдайды. Яғни, нақты мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық жасағандарға ықпал ету бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді талдау себептерін анықтау күтілуде, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг құқықтық жағдайлар болуын анықтайды , ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың болмауына септігін тигізеді»,- деп атап өтті вице-министр.

Барлық жаңалықтар