• Басты
  • Жаңалықтар
  • 5 институционалдық реформаны сәттi жүзеге асыру үшiн депутаттар бастамасын қолдау қажет – саясаттанушы (ВИДЕО)

5 институционалдық реформаны сәттi жүзеге асыру үшiн депутаттар бастамасын қолдау қажет – саясаттанушы (ВИДЕО)

13 Қаңтар, 2016 12:38
5 институционалдық реформаны сәттi жүзеге асыру үшiн депутаттардың Парламент сайлауын мерзiмiнен бұрын өткiзу жөнiндегi бастамасын қолдау қажет. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Еуразиялық ықпалдастық институтының директоры, Саясатшылар конгресiнiң төрайымы Шынаргүл Құсманғалиева мәлiмдедi.

«Бiз Мәжiлiс депутаттарының бұл бастамасын ақылға қонымды әрi дұрыс деп санаймыз. Бiрiншiден, бұл әлемдегi халықаралық ахуал. Бiз барлығымыз әлемдiк экономикада орын алып жатқан жаһандық дағдарысты көрiп отырмыз, бұл барлық мемлекеттердiң әлемдiк экономикасының құлдырауы. Сарапшылардың пiкiрiнше, бұл жағдай алдағы уақытта қиындай түспек. Сондықтан, бiз дағдарыстың жаңа толқынына дайын болуымыз керек. Жыл басынан берi жүзеге асыруға кiрiскен елiмiздегi «100 нақты қадам» Ұлт жоспары осы қиындықтарға жауап беретiн бағдарлама», - дедi ол.

Ш.Құсманғалиева екiншiден, бұл – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының өзi екенiн айтты.

«Оны сәттi iске асыру үшiн билiктiң барлық түрiнiң, атқарушылық, заңнамалық, сот және жергiлiктi жерлердегi билiктiң үйлесiмдi жұмысы қажет. Бұл жағдайда депутаттардың сенiмнiң жаңа мандатын алуы және Ұлт жоспарын жүзеге асыра алуы аса маңызды. Сондай-ақ, дағдарыс келе жатқан уақытта электораттық циклге уақыт жұмсамау дұрыс болар едi. Сондықтан, депутаттардың Мәжiлiс пен Мәслихат депутаттары сайлауының электораттық циклiн бiрiктiру жөнiндегi ұсынысы да өте дұрыс деп санаймыз. Ендi соңғы сөздi Мемлекет басшысы айтатыны баршамызға мәлiм. Конституциялық кеңес мәселенi қарастырып, депутаттардың ұсынысына қатысты шешiм шығарады. Бiздiң пiкiрiмiзше, 5 институционалдық реформаны сәттi жүзеге асыруымыз үшiн бұл бастаманы қолдау қажет», - дедi саясаткер.

 

 

Барлық жаңалықтар