- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылға арналған ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік даярлығының негізгі бағыттары белгіленді (ФОТО)
2016 жылға арналған ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік даярлығының негізгі бағыттары белгіленді (ФОТО)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, ағымдағы жылғы маңызды аспектілердің бірі оқу материалдық-техникалық базаны жетілдіруді жалғастыру және нұсқаушылар рөлінде далалық сабақтар мен тапсырмаларды орындауға сержанттар құрамын дайындау, сондай-ақ Қазақстан Қарулы Күштері командаларының «АрМИ-2016» Армиялық халықаралық ойындарға қатысуы, оның ішінде, Қазақстанның әскери полигонының аумағында алғаш рет өтетін «Мергендік шеп» және «Артиллериялық атыс шеберлері» атты екі сайыс болып табылады.
Жалпы алғанда, осы жылы қазақстандық армия әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығындағы негізгі күш-жігер әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстап тұруға, жауынгерлік даярлық сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу сапасын арттыруға бағытталады. 2015 оқу жылында 3 600-ден аса оқу-жаттығу, оның ішінде әртүрлі қарудан 21 000-нан аса практикалық оқ атулар өткізілгенін айта кеткен жөн. Әуе кемелеріндегі ұшып өту сағаты 16 000-нан аса сағатты, корабльді жауынгерлік оқу-жаттығуларды пысықтау 380-нен аса сағатты және әскерлердің далалық шығуын пысықтау 680-нен аса сағатты құрады. Бұл ретте әрбір әскер түрінің алдында жеке тапсырмалар тұр.
Құрлық әскерлерінде заманауи соғыс пен қарулы шиеленістердің сипатына сәйкес әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін әрі қарай арттыру, жеке құраммен жұмыс жасау сапасын арттыру, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту. Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін ұстап тұру, барлық санаттағы әскери қызметшілердің кәсібилігі мен жеке даярлығын арттыру, күндіз және түнде, қарапайым және күрделі метеожағдайларда ұшу құрамының пилотаждау шеберлігін жетілдіруі, әуе ұрысын жүргізу, әуе және жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдану. Әскери-теңіз күштерінде жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру, корабльдердің қатысу жөнінде әскери басқарудың жоғары тұрған органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру