- Басты
- Жаңалықтар
- Парламент Мәжілісіндегі сайлауды өзекті проблемаларды шешуге уақыт қалдыру үшін ерте өткізу қажет (ВИДЕО)
Парламент Мәжілісіндегі сайлауды өзекті проблемаларды шешуге уақыт қалдыру үшін ерте өткізу қажет (ВИДЕО)
«Біздің елімізде жаңа саяси кезең басталып жатыр. Ел Парламенті үлкен жұмыс атқарды. 2015 жылы еліміздің саяси, экономикалық-әлеуметтік дамуының жаңа кезеңінің заңнамалық негізін жасау бағытында ауқымды жұмыс жасалды. Парламенттік фракциялардың көшбасшыларының бүгінгі мәлімдемесі ішкі мәселелер бойынша қоғамның бірлесе жедел шешім қабылдайтынын көрсетіп отыр», - дейді сарапшы.
Оның сөзінше, қазір елімізде депутаттардың сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге мүмкіндік бар.
«Қазіргі таңда осы қиын кезеңде елдің заң шығарушы және атқарушы биліктері тең жүрсін десек, онда осы сайлауды мерзімінен ертерек өткізуге мүмкіндік бар. Оған бүгінгі экономикалық жағдай да мүмкіншілік туғызып отыр. Бұл реформаларды өткізуге бағытталып отырған кезде ішкі процестерді тездетуге ықпал етеді. Сырттан келіп жатқан қауіп-қатерлер әлі де бар. Осыларға төтеп беру үшін және өзіміздің ішкі ресурстарымызды жұмылдырып, бес реформаны жүзеге асыруға нақты дайын болу үшін парламенттік сайлау мерзімінен бұрын өту тиіс», - дейді А.Сәдуақасова.
Сарапшының пайымдауынша, қазіргі қалыптасқан жағдай Парламенттің жаңаруын талап етеді.
«Парламент жаңаруы тиіс. Еліміздің алдында тұрған сын-қатерлер жаңа адамдардың келуін қажет ететін шығар. Мен 100 пайыз жаңарады деймін. Бірақ бізге белгілі бір деңейде жаңа көзқарасы бар жаңа адамдар керек», - деп түйіндеді сөзін орталық жетекшісі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет