• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын паралменттік сайлау өткізуді бірауыздан қолдап отыр

Мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын паралменттік сайлау өткізуді бірауыздан қолдап отыр

13 Қаңтар, 2016 10:48
Парламент Мәжілісінің қабырғасында БАҚ өкілдеріне арналған шұғыл баспасөз мәслихаты өтіп, онда депутаттар Парламент Мәжілісі сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөнінде ұсыныс жасады.

«Қазақстан халқы мен ел Президентіне арналған үндеуімізді ресми түрде жариялаймыз. Біз үш партия өкілдері Бесінші шақырылым бесінші сессиясының депутаттық тобын таратуды сұраймыз және бұл мәселе үш партия фракцияларының отырыстарында жан-жақты талқыланды. Мұндай әрекет Қазақстан халқы мен Елбасымыздың депутаттар алдына қойған міндеттер мен Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындауда маңызды қадам болып табылады» ,- деді Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік,  бүгін «Нұр Отан», «ҚХПК» және «Ақжол» партиясының фракциялары Мәжілістің 5 шақырылымын тарату мен парламенттік сайлау өткізу бастамасын ұсынды.

 

Барлық жаңалықтар