• Басты
  • Жаңалықтар
  • Депутаттар саяси партияларды Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Депутаттар саяси партияларды Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

13 Қаңтар, 2016 10:17
Депутаттар саяси партияларды жаңа сайлауда әділ әрі ашық күрес жүргізуге шақырды. Үндеуді брифинг барысында Мәжіліс депутаты Владислав Косарев оқыды.

«Қазіргі тарихи сәттің барлық жауапкершілігін ұғына отырып, үш парламенттік фракциялардың депутаттары аталған үндеуді қабылдап отыр. Біз барлық саяси партияларды жаңа сайлауда әділ және ашық күрес жүргізуге шақырамыз», - делінген хабарламада.

«Сондай-ақ біз барлық қоғамдық бірлестік пен елдің үкіметтік емес ұйымдарын, барша азаматты біздің бастаманы қолдауға үндейміз. Біз елдің жаңа әрі жауапты даму кезеңіне аяқ басқалы отырмыз, тек тұтастық пен ынтымақ-бірлікті сақтап, нығайту арқылы ғана отанымызды дамудың жаңа көкжиегіне шығарамыз. Біздің Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Біздің отанымыз бір. Тағдырымыз да бір», - деп түйіндеді сөзін В. Косарев.

Барлық жаңалықтар