• Басты
  • Жаңалықтар
  • Депутаттар жаңа реформаларды жүзеге асыруда өзін-өзі тарату қажеттілігін түсіндірді

Депутаттар жаңа реформаларды жүзеге асыруда өзін-өзі тарату қажеттілігін түсіндірді

13 Қаңтар, 2016 10:03
ҚР Парламенті Мәжілістің кезектен тыс шақырылымы мен парламенттік сайлау бастамсын ұсынды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев үш саяси партияның үндеуін оқығанда мәлімдеді.

«Бүгінде жаһандық жүйелік дағдарыс әлемнің барлық елдерін қамтыды. Әлемдегі күрделі геоэкономикалық және геосаяси оқиға халықаралық қысым мен лаңкестік қаупі төнудің артуымен сүйемелденіп отыр. Қазақстан  егеменді  дамуының 25 жылдығында әлемдік дағдарысқа бірінші рет душар болып отырған жоқ. Оған қажетті жауап та бере алды», - деді ҚКХП депутаттық фракциясының жетекшісі Владислав Косарев.

Ол атап өткендей, Қазақстанда қазір жаһандық сынақтарға жауап ретінде нақты жоспар бар.

«Жаңа реформаларды жүзеге асыруға кірісу үшін, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру мақсатында біз Мәжілістің бесінші шақырылымы мен кезектен тыс депутаттық сайлауды өткізу бастамасын ұсынып отырмыз», - деді В.Косарев. 

Барлық жаңалықтар