- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сапарбаев: Басты міндет – кәсіпорындарда жұмысшылардың қысқаруына жол бермеу
Б.Сапарбаев: Басты міндет – кәсіпорындарда жұмысшылардың қысқаруына жол бермеу
Жиында кәсіпорында өткен жылы өндірістік бағдарламалардың және ұжымдық келісім-шарттың орындалуы барысы талқылау тақырыбына айналды.
Өңір басшысы жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде бүгінгі күні әлемдік экономикада қалыптасқан күрделі жағдайда бірлесіп, стратегиялық тұрғыдан ойлап және ақылмен жұмыс істеу қажеттігін атап көрсетті. Бұл үшін ірі кәсіпорындардың, тауар өндірушілердің, шағын және орта бизнес пен басқа да шаруашылықтардың жұмыстарын үйлестіру қажет.
Бердібек Сапарбаев сонымен қатар, экономикалық дағдарыстың әлеуметтік төлемдердің — жәрдемақылар мен жеңілдіктердің, сондай-ақ ұйымдарда еңбекақының кешігіп төленуіне себеп бола алмағанын атап көрсетті. Жыл қорытындысы бойынша жұмыссыздық облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының 4,9%-ын құрайды, бұл көрсеткіш жалпы республикалықтан 0,2%-ға төмен. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылды, еңбек ұжымдары арасында тұрақтылық сақталуда.
Сонымен бірге, өңір басшысы Қазақстан бойынша, оның ішінде Ақтөбенің де негізгі саласы өнеркәсіптің экономикалық сипаттағы сыртқы теріс әсерлерден қашып құтыла алмағанын жасырған жоқ. Облыс бұл ретте экспортқа бағытталған. Сондықтан да әлемдік дағдарыс нәтижесінде 2014 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 4,5%-ға төмендеді.
- Осыған байланысты біз кәсіпорындардың басшыларымен тығыз жұмыс істеудеміз, сондай-ақ жұмыс тобы құрылды. Қосымша резервтер мен тың көздерді іздестіруіміз қажет, шығындардың орнын толтыру үшін оладың бар екені анық,— деп атап көрсетті Бердібек Сапарбаев.
Өз кезегінде «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ басқарма төрағасы Алексей Химич кәсіпорынның 2015 жылғы негізгі жұмыс қорытындыларына тоқталды. Оның айтуынша, зауыт ұжымдық еңбек келісім-шартында жазылған барлық шарттарды және өздеріне алған әлеуметтік міндеттемелерін орындаған.
- Қазіргі уақытта Ақтөбе хром қосындылары зауытында 2057 адам еңбек етеді, өткен жылы осы ұжым мүшелерінің жемісті жұмысы нәтижесінде 25 миллиард теңгеден астам қаржының тауарлары мен өнімдері өндірілді, -деді ол.
Ол сондай-ақ, зауыт жұмыс істейтін қазақстандық құрамның үлесі бүгінгі күні 66%-дан жоғары екенін атап көрсетті.
Осыған байланысты өңір басшысы көтеріліп отырған мәселені нақтылай түсті.
"Қазақстандық құрам – біздің еліміздің импортқа тәуелділігін қысқартатын және жұмыс орындарын құрайтын тағы бір мүмкіндік",— деді облыс әкімі.
Облыс басшысы жиын барысында зауыт жұмысшыларының сұрақтарына жауап бере отырып, бүгінгі күні атқарушы билік пен бизнес-құрылымдар арасында өнімдердің бірқатар түрлеріне бағаларды реттеу туралы бірнеше меморандумға қол қойылғандығын мәлімдеді.
Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы кәсіпорын басшылығына өндірістік қуаттарды одан әрі өсіру, қазақстандық құрамды дамыту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде тапсырма берді.
Еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелерінде алдағы уақыттағы келісілген іс-әрекеттер және өзара түсіністік болуы үшін облыс әкімшілігі, кәсіпорын басшылығы және аумақтық кәсіподақ бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды. Мұндай кездесулер таяудағы уақытта өңірдегі басқа да ірі кәсіпорындарда өтеді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары