ШҚО-да 2016 жылы ет өнімінің экспортын ұлғайту жоспарлануда

13 Қаңтар, 2016 08:37
Шығыс Қазақстанда 2016 жылы өсімдік майының экспортын 9,1 мың тоннаға, ұн экспортын 24,3 мың тоннаға ұлғайту қарастырылған. Жалпы, экспорт 132 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3,3 есеге көп, деді өндірістік мәселе бойынша жетекшінің орынбасары Ербол Қуанышев.

«Облыстағы агроөндірістік кешеннің негізгі міндеті Елбасы Жолдауының 4 бағыты «Жаңа инвестициялық саясаттың негізі» бойынша еңбек өнімділігін өсіру, экспорттық әлеуетті арттыру, ауыл шаруашылығы саласын көтеру, агроөндірістік кешенді дамыту болып табылады. Елбасы жүйтейтін тапсырмаларға сәйкес экономикалық өсімнің өңірлік қозғаушы күшін әзірлеу маңызды.  Оның ішінде Аягөз және Көкпекті аудандарындағы кешендер, Үржар ауданындағы құс фабрикасы бар. Елбасы өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастар жол» мақаласында фермерлікті дамытуға Жер кодексі әсер еткенін мәлімдеді», - деді Е.Қуанышев.

Оның айтуынша, өңірде ірі қара малын ет пен сүт өндіру ретінде қажеттілік туындап отыр. Мал бордақылау орындары да әзірленген.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай,  аграрлық сала  Шығыс Қазақстан экономикасын құрайтын маңызды салалардың бірі. 

Барлық жаңалықтар