«Даму» қоры микро және шағын бизнесті қолдаудың технологиясын іске қосты

13 Қаңтар, 2016 08:56
«Даму» қоры микро және шағын бизнесті қолдаудың «Даму микро» технологиясын іске қосты, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Жаңа технологияның негізгі мақсаты: микро және шағын бизнес үшін екінші деңгейлі банктер арқылы ақшалай ресурстар мен мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету, микро және шағын кәсіпкерлікке несие беру үдерісін жылдамдату және жеңілдету, несиелік өтінімді қараудың бірыңғай стандартын енгізу, несиелеу рәсімін және талап етілетін құжаттар пакетін оңтайландыру.

«Даму» Қоры жаңа технология бойынша микро және шағын кәсіпкерлік үшін несиелендірудің бірнеше түрін ұсынуда: экспресс-несие, микро несие және микро-стандарт несие.

Шарты:

Экспресс-несие: қарыз сомасы 3 млн. теңгеге дейін, 12 айлық мерзімге дейін, 9 айға дейін жеңілдетілген кезеңімен. 6 айдан кем емес мерзім бойы жұмыс істеп тұрған бизнес болуы тиіс. Несиені мақұлдау мерзімі – екінші деңгейлі банкке өтінім берген сәттен 3 жұмыс күнінен аспайды.

Микро несие қарыз сомасы – 30 млн. теңгеге дейін, инвестициялық мақсатта 84 айға дейінгі мерзімде, айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 ай мерзімінде, 12 айға дейін жеңілдетілген кезеңмен. 6 айдан кем емес мерзім бойы жұмыс істеп тұрған бизнес болуы тиіс. Несиені мақұлдау мерзімі екінші деңгейлі банкке өтінім берген сәттен 7 жұмыс күнінен аспайды.

Микро-старт несие  қарыз сомасы – 20 млн. теңгеге дейін, инвестициялық мақсатта 60 айға дейінгі мерзімде, айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 ай мерзімінде, 18 айға дейін жеңілдетілген кезеңмен. Жұмыс істеп тұрған бизнесі 36 айдан артпауы тиіс. Несиені мақұлдау мерзімі екінші деңгейлі банкке өтінім берген сәттен 7 жұмыс күнінен аспайды.

Оған қоса, микро және шағын бизнес кәсіпкері екінші деңгейлі банктен несие алу кезінде кепілзаты жеткіліксіз болса «Даму» Қорының кепілдігін пайдалана алады. Жаңа технология бойынша сондай-ақ, несиені 7 ден 10% дейін субсидиялау құралын қолдану да мүмкін.

Қазақстандық банктер «Банк KassaNova» АҚ мен «Альфа-Банк» АҚ ЕБ «Даму» Қорымен жаңа бағдарламаны жүзеге асыру бойынша келісім жасасып, әрқайсысы 200 млн. теңге мөлшерінде қаражатқа ие болған.

«Біз бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша несиені алу, автокөлікті конвейерде жасап шығаруға ұқсас болғанын қалаймыз. Банктің несиелік менеджері «Даму-микро» технологиясын қолдана отырып банктің шешімін алуды 3-7 күнде қамтамасыз етуі керек. Оның үстіне, банктің несиелік менеджері мемлекеттік қолдау механизмінің «тетіктерін» білуі қажет, яғни қай жерде «Даму» Қорының кепілдігін немесе «сусбсидияны» іске қосу керектігін. Осы конвейрден 7 күнде бір дайын жоба шығарылуы тиіс», - дейді «Даму» Қорының Басқарма директоры Нұрлан Ақшанов.

2016 жылдың алғашқы тоқсанында серіктес-банктер арқылы бағдарлама аясында қарызды мақұлдаудың орташа жылдамдығы 3-7 күнді құрайтын 40 несие берілетіні жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар