Мемлекеттік кірістер органдары 430,3 млрд теңгенің мүлкін жария етті

12 Қаңтар, 2016 18:03
Қазақстанда сомасы 430,3 млрд. теңгеге 56 643 объект және бағалы қағаздар жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда сомасы 548,5 млрд. теңгеге 61 210 тұрғын үй объекті, сомасы 169,9 млрд. теңгеге 31 721 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 7 462 млрд.теңгеге 120,1 коммерциялық объект, сомасы 2,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 23 қатысу үлесі, сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 430,3 млрд. теңгеге 56 643 объект және бағалы қағаздар жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1044,4 млн тенге құрайтын 38 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті.

Сомасы 1044,4 млн. теңгеге 38 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

Барлық жаңалықтар