- Басты
- Жаңалықтар
- Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасына қатысуға 50 астам өтінім берілді
Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасына қатысуға 50 астам өтінім берілді
Қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану объектілерінен басқа, сұлулық салондары, SPA-орталықтар, химиялық тазарту, кір жуу секілді қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар да бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. «Әріптес» статусын беру үшін арнайы бағалау комиссиясы жұмыс істейді.
Еске салайық, өткен жылы күзде Астанада Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның мақсаты ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде қонақтарды қарсы алу үшін көрсетілетін туристік қызметтер сапасын арттыру, сондай-ақ, елорданы тартымды туристік орталық ретінде одан әрі дамыту үшін осы саладағы жағдайды жақсарту болып табылады. Бағдарламаның ұйымдастырушылары - Астана қаласының әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ.
Аталған жоба аясында объекті ұсынатын қызметтердің деңгейі мен сапасы бойынша қатысушылар біліктілігі жүйесі әзірленді. Қатысушы әріптестіктің төрт категориясына үміттене алады: «Қала әріптесі», «Қола әріптес», «Күміс әріптес» және «Алтын әріптес». Егер қазіргі кезеңде белгілі бір объекті «қола әріптес» біліктілігіне сай болса, ол өз бизнесін жақсартып, жетілдіріп, одан жоғары статусқа үміттене алады.
Бағдарлама талаптары түзетуге көп қаржы жұмсалмайтын туристерге ұсынылатын қызметтер сапасына қатысты.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме?