• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы Қазақстанда автокөлік саласындағы айыппұл сомасы 1 млрд теңгені құрады

2015 жылы Қазақстанда автокөлік саласындағы айыппұл сомасы 1 млрд теңгені құрады

12 Қаңтар, 2016 16:52
2015 жылдың қорытындысы бойынша көліктегі бақылау органдары автомобиль көлігі саласындағы заңнаманы бұзған үшін 14023 әкімшілік материал толтырып, 1 млрд. теңге айыппұл салды, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз-қызметі.

Көбіне әкімшілік жауапкершілікке ірігабаритті және салмақ параметрлерін асырып жіберген автокөлік құралдарымен ереже бұзғандар тартылған. Олардың саны – 5582.

Багаж және жүк, жолаушылар тасымалында 4135 құқық бұзушылық тіркелген.Шетелдік тасымалдаушылар тарапынан рұқсат жүйесі ережесін бұзу саны - 589

Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау ережесін бұзу дерегі – 562.Сонымен бірге, каботажды тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін бұзған 452 дерек тіркелді.

 

Барлық жаңалықтар