- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлт жоспары: ШҚО-да жергілікті полиция қызметі құрылды
Ұлт жоспары: ШҚО-да жергілікті полиция қызметі құрылды
Дулат Қазақпаев 1962 жылы ШҚО Жарма ауданында дүниеге келген.Ішкі істер органдары жүйесінде 1983 жылдан бастап жұмыс істейді. 1996 жылдан 2013 жыл аралығында Бесқарағай ауданы ІІБ бастығының орынбасары, ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2013 жылдан бастап ШҚО жергілікті полиция қызметі басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін ШҚО Аягөз ауданы ішкі істер бөлімі бастығы болған.
Жаңа құқық қорғау құрылымының түрлі полиция бөлімшелерінде қызмет ететін қызметкерлерден құрылатынын атап өту қажет. Аталған қызметке келесі міндеттер жүктелген: құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыру, қоғамдық тәртіпті күзету, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту және жолын кесу, қылмыстық істер бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының тұтастығы және қызметкерлердің құқықтық мәртебесі сақталатын болады.
Жергілікті полиция қызметі құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілері, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және «мектеп инспекторлары», табиғатты қорғау полиция бөлімшелері қызметкерлері, қабылдау-бөлу және арнаулы қабылдау органдары, жол-патрульдік полициясы, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің қызметкерлері енеді. Жергілікті полиция құрамындағы бөлімшелерді қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтандыру бұрын жергілікті бюджеттен қамтамасыз етілгендіктен, жергілікті атқарушы органдарға қосымша қаржылық жүктеме әкелмейді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер