• Басты
  • Жаңалықтар
  • Азаматтардан келіп түскен өтініштердің сапалы қаралуы прокуратура органдарына қарасты сенімді арттырады - сарапшы

Азаматтардан келіп түскен өтініштердің сапалы қаралуы прокуратура органдарына қарасты сенімді арттырады - сарапшы

12 Қаңтар, 2016 18:29
Азаматтардан келіп түскен өтініштердің сапасы прокуратура органдарының халықтың сенім деңгейіне байланысты, деп «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында ҚР Бас прокуратура орынбасары Нұрмұханбет Исаев айтты.

«Соңғы жылдары прокуратура органдарына келіп түскен өтініштер саны өсуде. Мысалы, өткен жылы қадағалау прокуратурасымен 120 шағым қарастырылды, бір жыл бұрыңғымен салыстырғанда, бұл 130 мыңға көп. Алайда, жыл сайынғы өсу үрдісі өткен кезеңдерде байқалады»,- деді Н.Исаев.

Сарапшының түсіндіруінше, келіп түскен өтініштер бір ай ішінде қалыпты тәртіппен қаралмайды, қысқа мерзім ішінде Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес – 7-ден 15-күн аралығында қарастырылады. Жеке сұрақтар бойынша жауапты 3 күн ішінде береді. Соңғысы қамауға алынған кездегі заң бұзушылыққа, іздеу, мүлікке тыйым салу,   күдіктіні тану, қызметтен шеттеу, сондай-ақ азаптау, зорлық-зомбылық, қауып-қатер, қорғаныс құқығын теріс пайдалану және тағы басқаларға байланысты. Сол себепті, халық сенімін арттыру мақсатында, бірталай тәжірибелік шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, оның айтуы бойынша, прокуратурада азаматтардың өтініштерінің үлгілері әзірленіп, қолжетімді жерлерге ілінген. Бұл өз кезегінде өтініш берушілерге жеңілдік болып келеді. Және де басты нәрсенің бірі, сот ісін жүргізу тараптарына қатысушының әрекеттерге шағымдануға немесе прокуратураның әрекетсіз тергеуіне құқығы бар, ал прокурордың  шешімі- жоғары покурор немесе сот.

«Біріншіден Бас прокуратураның бұйрығы қабылданды, ол жерде көпжылдық бюрократиялық тоғызсатылы рәсімдемемен шағымдар үш сілтемеге қысқартылды. Ендегі кезде жауапты прокуратураға аудан, содан кейін облыс береді, осыдан кейін ҚР Бас прокуратурасына келіп түседі. Екіншіден, егер бұрын келіп түскен шағымдарға тек жазбаша жауап берілсе, қазыр прокуратура ресми түрде қаулы шығарады, яғни барлық өтініш берушіге жауап береді. Нәтижесінде қайталанып келген өтініштер саны 50 пайызға қысқартылды, өтініш берушілерге олардың дәлелдерінің не себепті бейімделмегендері түсінікті бола бастады»-деп өз сөзінде ҚР Бас прокуратурасы айта кетті.

 

Барлық жаңалықтар