• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандағы жазасын өтеушілер саны 2013 жылдан бастап 25 пайызға азайды – Бас прокуратура

Қазақстандағы жазасын өтеушілер саны 2013 жылдан бастап 25 пайызға азайды – Бас прокуратура

12 Қаңтар, 2016 15:18
«Түрме халқы» Қазақстанда 2013 жылдан бастап 25 пайызға – 52-ден 40 адамға дейін азайды, деді ҚР Бас прокуратура жанындағы құқыққорғау органдары академиясының бірінші проректоры Еркен Оңғарбаев ОКҚ-да.

«Прокуратура органдары пенитенциарлық жүйе бойынша жүйелі жұмыс жасауда. 2013 жылы «түрме халқын азайту бойынша 10 шара» жобасына арналған бірінші форум өтті. Түрме халқы бойынша екінші форумда «Түрмедегі жұмыс» жобасы бастау алды. Үшінші форум 2015 жылдың 11 желтоқсанында жүзеге асты. Бұл жұмыстардың қорытындысын айта аламыз. Қазақстандағы түрме халқы 2013 жылдан бастап 25 пайызға – 52-ден 40 адамға дейін азайды», - деді Е.Оңғарбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан әлемдік рейтингте өз орнын 55 орынға әкелді, ал соттар бас бостандығынан айыру шешімін сирек қабылдайтын болды. 

Барлық жаңалықтар