• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сот мекемесінен адам ақталған немесе айыпты ретінде шығуы керек – сарапшы

Сот мекемесінен адам ақталған немесе айыпты ретінде шығуы керек – сарапшы

12 Қаңтар, 2016 16:21
Сот мекемесінен адам ақталып немесе жаза кесілген түрде шығуы керек, деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Нұрмұханбет Исаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.

«Қазақстандағы жаңа қылмыстық-процессуалдық кодекс 2015 жылдың басында қабылданды. Қорытындысында бүгін жаңа модель тәжірибеде өз тиімділігін көрсетті. Айта кетерлігі, Жоғарғы соттың шешімі бойынша соттардың істі қайтаруы алынып тасталды. Сот мекемесінен адам сотталушы немесе ақталып шығуы керек», - деді Н.Исаев.

Оның айтуынша, қылмыстық үрдістің түпкілікті өзгеруі маңызды болып есептеледі. Бүгін қылмыс туралы Бірыңғай реестрге тіркелу – сотқа дейінгі тергеудің басы болып саналады.

«Сотқа дейінгі тергеу моделін енгізе отырып біз адамдарды айлап тергеуге дейін және тергеу барысында тексеретін үрдісті алып тастадық. Бұл жерде маңызды мәселе болып табылатыны қылмыстық тергеу мен сотқа дейінгі істі шатастырып жататындар болады. Бұл екеуі екі бөлек нәрсе», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар