• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Исаев: Қылмыстық үрдісте азаматтардың конституциялық құқығын қорғау – прокурорлық бақылаудың басты бағыты

Н.Исаев: Қылмыстық үрдісте азаматтардың конституциялық құқығын қорғау – прокурорлық бақылаудың басты бағыты

12 Қаңтар, 2016 15:34
Қылмыстық үрдісте азаматтардың конституциялық құқығын қорғау – прокурорлық бақылаудың басты бағыты, деді «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатта Бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев.

«Бақылаудың бұл бағытына жетекшілік еткен соң өзгерістерге тоқталмақ едім. Ол сотқа дейінгі істі қарау мен сот бақылауын жетілдіруге қатысты. Осы орайда біз ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне аса назар аударамыз.

Мәселен Франция, Италия мен Гераманияда адамдар қылмыс жасағанына орай қамтылады, тұтқындалған кезде ең алғаш тексеретін прокурор. Қорытындысында мыңдаған адам бостандыққа шығады. Екінші тарапта соттық қарау, бұл орайда адам бостандыққа  тергеуші судья ақпаратты аз деп тапқан жағдайда шығады.

«1 қаңтардан бастап аталмыш механизм өз күшіне енді. Бұл жалпыәлемдік тәжірибе», - деді Н.Исаев.

ҚР Бас прокурорының  орынбасары атап өткендей, Ұлт жоспары –« 100 нақты қадам» 22 тармағына сәйкес кезеңмен сотқа санкциялау жүзеге асырылды.

Айта кетерлігі, бұл жаңашылдықтар адам құқығын арттыруға бағытталған. 

Барлық жаңалықтар