- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында БЖК-2020 аясында ойын-сауық орталығы ашылды
Қызылорда облысында БЖК-2020 аясында ойын-сауық орталығы ашылды
Жеке кәсіпкер Виктория Югай жоспарын мемлекеттің қолдауы арқасында жүзеге асырды. Өзінің кәсіпкерлік қызметін бизнес-леди 2005 жылы Қызылорда қаласында алғашқы «Праздник Еvent» агенттігін ашудан бастаған. Бизнестегі бірегей бағытты ашу арқылы кәсіпкер ісін дамыту үшін орасан зор жұмыс атқарды. Орталық жұмысын бірыңғайлады. Агенттіктің негізі қаланған уақыттан бері жеке кәсіпкер бизнестің дамуы мен кеңеюі сияқты бірнеше сатыдан өтті.
Виктория Югайдың сөзінше, бизнес бастаған уақытында ғимаратты жалға алып, жұмыс істесе, бірнеше жылдан соң өзінің шағын ғимаратын сатып алды. Бүгінгі таңда мемлекет қолдауымен ол қаланың орталығынан балаларға арналған ойын-сауық орталығын ашты. Жеке кәсіпкер несиені 14% үстеме пайыз мөлшермен «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан рәсімдеп, 29 млн. теңге көлемінде қаражатын ғимарат құрылысына жұмсады. Несиенің 7%-ын мемлекет өтейді.
«Агенттігіміз түрлі іс-шаралар мен іскерлік кездесулер, той-томалақ пен промоакциялар ұйымдастырады. Тапсырыс берушілер қатары артқан соң жаңа ойын-сауық орталығын ашуды жоспарладым Онда балалар отбасымен демалып қана қоймай, әртүрлі іс-шаралар мен ертегілік қойылымдар өткізуге де болады. Орталықтың ашылуында жаңа жылдық қойылым мен балаларға арнап іс-шара мен шоу бағдарламаларын ұйымдастырып, сәбилерімізге ерекше көңіл күй сыйлағанымызға қуаныштымын», - дейді Виктория Югай.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда