​Қарағанды облысында 2,5 мың отбасы баспаналы болды – әкім

12 Қаңтар, 2016 14:13
2015 жылы Қарағанды облысында 2,5 мың отбасы баспаналы болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков айтты.

Облыс басшысы жеткізгендей, өткен жылы 320 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2,5 мыңдай отбасы жаңа баспанаға қол жеткізген.

«Айта кетейін, 114 пәтер жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалады баспанамен қамту кешенді жоспары аясында балалар үйі тәрбиеленушілеріне тапсырылды», - деді әкім.

«Жезқазған, Сәтпаев және осы қаладағы Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарына сәйкес 9 көп пәтерлі бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 460 пәтердің жалпы аумағы 30,9 мың шаршы метрді құрайды. Биылғы жылы тағы осындай алты үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл жаңа ықшамаудан болады», - деп толықтырды Н.Әбдібеков.

 

 

Барлық жаңалықтар