• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Әбдібеков: Қарағанды облысында 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 158 млрд теңгені құрады

Н.Әбдібеков: Қарағанды облысында 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 158 млрд теңгені құрады

12 Қаңтар, 2016 12:42
Қарағанды облысында 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 158 млрд теңгені құрады, деді облыс әкімі НнӘбдібеков ОКҚ-да.

«Ауыл шаруашылығы бойынша өнім көлемі 158 млрд теңгені құрап, аталмыш салада физикалық өнім көлемі 1,5 пайызды құрады. Көктемгі су тасқыны кезінде бастан кешірген көрсеткіштерді азайтып, оның алдын алуды жүзеге асырдық», - деді ол.

Әбдібековтың айтуынша, облыста ет өнімінің өндірісі 1,8 пайызды құрап, 120 мың тоннаны құрады.

«Сүт өндіру көлемі 3 пайызға, жұмыртқа өндіру 621 млн данаға жетті. Мал шаруашылығы саласында да өсім бар. Экспорттық әлеует бойынша 275 тонна етті экспортқа шығару мүмкіндігі туды. Бұл жерде біз 400 тоннаны жоспарлап, нәтижеге жете алмадық. Осы жылы діттеген межеге жетеміз»,- деді ол.

 

Барлық жаңалықтар