- Басты
- Жаңалықтар
- Аэроұтқыр әскерлерінде әскери қызметшілердің ауқымды спартакиадасы басталды (ФОТО)
Аэроұтқыр әскерлерінде әскери қызметшілердің ауқымды спартакиадасы басталды (ФОТО)
Жарыс 4 чемпонатты қамтиды. Президенттік көпсайыс – пневматикалық винтовкадан оқ ату, одан кейін ерлер үшін белтемірге тартылу және әйелдер үшін ішті қатайтуға арналған жаттығу, 3,5 және 10 шақырымға шаңғы жарысы. Екінші чемпионат – партульдердің командалық жарысы. Бұл додада әр командадан 4 адамнан қатысады. Қатысушылар атыс шептерінде нысаналар бойынша жол бойында оқ атып, 10 шақырымдық қашықтықты еңсереді. Әрі қарай спартакиада бағдарламасында бес салмақтық санаттағы гір екі сайысы және 60. 65, 70, 75, 80, 90 келіге дейінгі салмақта армспорттан сайыс.
Спартакиада 15 қаңтарға дейін созылады. Бірінші күні қатысушылар салмақты айқындау үшін таразыға өлшенді, спартакиаданың өткізілу бағдарламасымен танысты.
ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасында атап өткендей, жүлделі орын алған әскери қызметшілер грамоталар және бағалық сыйлықтармен марапатталып, ҚР Қарулы Күштерінің сайыстарына қатысу үшін Аэроұтқыр әскерлерінің құрама командасының құрамына кіру мүмкіндігіне ие болады.
Аэроұтқыр әскерлерінің спартакиадасы – бұл жыл сайын ең белсенді, мықты әскери қызметші десантшылардың басын біріктіретін ауқымды дода. Жыл сайын бұл сайысқа қатысушылардың шеберлігі өсуде, оқу-спорттық және әдістемелік база жетілдірілуде. Нәтижесінде мұның барлығы әскери қызметшілердің жалпы дене және жауынгерлік даярлығына, демек, жалпы алғанда, Аэроұтқыр әскерлерінің әзірлігіне оңтайлы ықпал етеді.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды