• Басты
  • Жаңалықтар
  • Л.Нұрсұлтанова: Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» маңызды міндеттер кешенін орындауға бағытталған

Л.Нұрсұлтанова: Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» маңызды міндеттер кешенін орындауға бағытталған

12 Қаңтар, 2016 15:03
Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» маңызды міндеттер кешенін орындауға бағытталған, ол Елбасының бастамасымен Қазақстан мен әлемде болып жатқан маңызды оқиғалар негізінде дайындалды, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ өңіртану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Лазат Нұрсұлтанова.

«Осы  жылы біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаймыз. Ұлт көшбасшысының мақаласы Қазақстандағы терең ағдайлар мен шетелдегі оқиғаларды ескере отырып жазылған. Осы орайда Елбасы Н.Назарбаевтың маңызды рөлін атап өткен жөн, ол ТМД, Орталық Азиядағы бейбіт жолға шақырушы, интегратор болып есептеледі. Ол БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ЮНЕСКО мінберінен сөз сөйледі. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» азаматтардың өмір сүру сапасын өсіретін дәйекті құжат», - деді Л.Нұрсұлтанова.

Оның айтуынша, Ұлт жоспары маңызды әлеуметтік қамтуға негізделген. Атап айтсақ, профессор тегін кәсіптік-техникалық білім беруді атап өтті.

«Әлеуметтік саланың индикаторы қоғамның жақсы өмір сүруі болып есептеледі. Бұл жерде еңбек қарым-қатынасы, медициналық қызметке деген қолжетімділік, сапалы білім беру, жәрдемақы мен зейнетақы болып табылады. Елбасы атап өткендей, бұл орайда халықаралық тәжірибені ескере отырып, жаңа стандарт әзірлеу керек. Ол медициналық сақтандыру міндеті, басқару моделі, әлеуметтік көмектің адрестік мінезіне тән. 1995 жылы құрылған ҚХА «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру, қазақстандық патриотизм, жетістіктерге ие», - деді ол.

Данияр Қасымов

 

Барлық жаңалықтар