• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенаторлар Қазақсатн мен Қырғызстан арасында шекара арқылы өткізу келісіміне өзгертулер енгізу ратификациясы туралы заң жобасын қарады

Сенаторлар Қазақсатн мен Қырғызстан арасында шекара арқылы өткізу келісіміне өзгертулер енгізу ратификациясы туралы заң жобасын қарады

12 Қаңтар, 2016 12:23
ҚР Парламент Сенатының комитетінде Қазақсатн мен Қырғызстан арасында шекара арқылы өткізу келісіміне өзгертулер енгізу ратификациясы туралы заң жобасы қаралды. Оған Астанада 2003 жылдың 25 желтоқсанында қол қойылған болатын.

2003 жылдың 25 желтоқсанындағы екіжақты келісімге сәйкес, қазақстандық-қырғыз шекарасында 1 темір жол 11 автобустық өткізу пункттері орналасқан.

«2013 жылдың 11 сәуіріндегі келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттама  темір жол станциясын Меркеден Чальдовар станциясына ауыстыру қарастырып отыр. Қырғыз тарапы ратификациялады, жақын арада бізде де ратификацияланды деген үміттеміз. Келісім құқыққорғау органдары мен ҰКК шекаралық қызметінің ұсынысымен әзірленді. Оларда шекарадан заңсыз өту ақпараты бар, себебі Мерке станциясына дейін 20 км қырғыз жолы жатыр», - деді инвестициялар және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек.

Заң жобасы Жоғарғы палатаның кеңейтілген отырысында қаралады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар