- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық армияны отандық өндірістің арнайы қауіпсіздік тосқауылдарымен қамтамасыз етті (ФОТО)
Қазақстандық армияны отандық өндірістің арнайы қауіпсіздік тосқауылдарымен қамтамасыз етті (ФОТО)
2015 жылы қазақстандық армияның мұқтаждығы үшін зауыт өнімнің жаңа түрі, яғни, төтенше жағдайларға арналған арнайы қауіпсіздік бөгетін игерді. Кәсіпорын тиісті құрастыру және технологиялық құжаттама пакетін әзірледі, өндірісті дайындауды жүзеге асырды.
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде 2015 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, яки, ҚР ҚК-нің 68602 әскери бөліміне 2 мың тосқауыл жеткізіліп берілді. Арнайы қауіпсіздік бөгеті бірнеше сегменттен құралған бөлшектелетін жиналмалы торлы құрылымнан тұрады. Оның әрқайсысының ішінде геометкелден жасалған жапсырма орнатылады.
Тосқауыл әскери іс-қимылдар мен лаңкестікке қарсы іс-шаралар кезінде фортификациялық құрылыстарды тез арада тұрғызу үшін арналған. Сондай-ақ оны өзендер мен су қоймаларының жағаларын бекіту үшін қолдануға болады. Құрылыс -40°С-тан + 50°С-қа дейінгі температурада қалыпты және суық климат жағдайында ашық ауда пайдаланылады. Мұндай арнайы қауіпсіздік тосқауылдары АҚШ, Израиль және Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде белсенді түрде қолданылып жүргенін айта кеткен жөн.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі