- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: ҚДБ қазақстандық автокөлік өнеркәсібін қолдауға 11 млрд теңге бөледі
«Нұрлы жол»: ҚДБ қазақстандық автокөлік өнеркәсібін қолдауға 11 млрд теңге бөледі
ҚР Үкіметімен бекітілген жеке тұлғаларға жергілікті өндірілген жеңіл автокөлік сатып алуға несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 4%, сонымен қатар жылдық тиімді мөлшерлеме (оған сақтандыру және автокөлікті кепілге рәсімдеу шығындары кіреді) жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс. Несие мерзімі – ең көбі 5 жыл, қарыз валютасы – теңге, жеңіл көліктің бір бірлігінің бағасы – ең көбі 9 000 000 теңге, бастапқы жарна (бар болған жағдайда) – сатып алынатын көліктің бағасынан ең көбі 20%.
Автонесиелер тізбесі ҚР Экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен бекітілген келесі банктер арқылы беріледі: «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3 млрд теңге), «Еуразиялық Банк» АҚ (3 млрд теңге), «Сбербанк России» АҚ ЕБ (3 млрд теңге), «Банк Центр Кредит» АҚ (2 млрд теңге).
Қарыз алушыларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында құрастырылатын «Kia», «Toyota», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai» және т.б. сияқты брендтердің 37 көлік моделі ұсынылады. Қаржыландырудың белгіленген лимиттері әр автокөлік өндірушіге 5,5 млрд теңгеден құрайды. ҚДБ www.kdb.kz сайтында автокөлік модельдерінің толық тізбесімен танысуға болады.
«Бағдарламаның тиімділігі іске қосылғаннан кейін келесі айда жергілікті өндірілген авто сатылымдары екі есеге артқанда айқын болды. Мұндай қызығушылық Қазақстанда автокөлікті несиеге алудың аса танымалдылығымен түсіндіріледі, ал іске қосылған мөлшерлемелері минималды жеңілдетілген несиелеудің мемлекеттік бағдарламасы барынша «қаржылай ыңғайлы» жаңа көлікке отырудың бірегей мүмкіндігін ұсынған дер кезіндегі және тиімді бағдарлама болды. Үкіметтің, «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен табысты жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлама еліміздің автокөлік нарығын және атап айтқанда автокөліктерді ресми сату құрылымында қазақстандық автокөліктердің үлесін 17,6%-ға дейін арттырып, жергілікті автокөлік өндірісін дамытуға қуатты серпін берді. Автокөлік өнеркәсібі өз кезегінде сабақтас салаларға үлкен мультипликативті әсер береді, инновациялық технологиялар енгізеді, шетел инвестицияларын тартады, мыңдаған жұмыс орындарын ашады», - деп атап өтті «Қазақстандық Автобизнес Қауымдастығы» АЗБ президенті Андрей Лаврентьев.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді