Астанада өтетін халықаралық конференцияда білім беру сапасы талқыланады

11 Қараша, 2013 09:20
2013 жылғы 13 қарашада «Білімдегі жоғары сапа мен көшбасшылық – 2013» халықаралық конференциясы ашылады, деп Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы конференцияда «Білім парадигмасының өзгеруі»,«Білімдегі жаңа әдістемелер мен технологиялар», «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру», «Мектептерде үштілдікті енгізу», «Қазақстан тарихы, қазіргі замандағы Қазақстан пәндері арқылы патриотизмді қалыптастыру», «Оқушыларды сыни бағалау», «Тест арқылы дарынды және талантты балаларды анықтау», «Мектеп-университеттің серіктестігі», «Зерттеушілік, жобалау жұмысы» және т.б. тақырыптар талқыланады.

Іс-шараны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өткізеді. Шараға 400-ге жуық қатысушы: халықаралық және қазақстандық спикерлер, ҚР БҒМ өкілдері, қазақстандық жоғары оқу орындары, Ұлттық тестілеу орталығы, елдегі Зияткерлік және жалпы білім беру мектептері қатысады деп күтілуде.

Конференцияға стратегиялық серіктестер Назарбаев Университеті, Кембридж университеті, Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесі, Cito педагогикалық өлшемдер институты, Джонс Хопкинс CTY университетінің талантты жастар орталығы, Халықаралық Бакалавриат қатысады.

 

 

Барлық жаңалықтар