Я.Бутаков: Қазақстан – посткеңестік кеңістікті жаңғыртудың көшбасшысы

12 Қаңтар, 2016 12:52
Болашаққа қозғалудың басты қадамы институционалдық дамытуды дұрыс жүзеге асыру болып табылады. Осы үрдіс Елбасы басшылығымен ұсынылған интеграцияланған Ұлт жоспарының басты назарында тұр, деді Заманауи саясатты зерттеу орталығының жетекшісі Ярослав Бутаков.

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастау алған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша  қазақстандық жоспар Қазақстан өміріндегі жаңа тарих дәуірінің басталуын білдіреді. Ол тәуелсіздіктің қалыптасуы мен нығаюының міндеттерін қарастырып, Қазақстанның дамыған елдердің қатарына қосылуына ықпал етеді.

Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен әзірленген жаңғырту тұжырымдамасының негізіне ең үздік әлемдік тәжірибенің қолдануымен заманауи мемлекеттік негіздерін әзірлеу әдістері қарастырылған. Бұл экономикалық даму кешені, құқықтық мемлекеттің жалпыдемократиялық құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық мәртебенің жүзеге асуы. Ұлттық даму асыл армансыз жүзеге аса алмайды, тәуелсіз Қазақстанда президенттік 2050 Стратегиясында елдің дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуін қарастырады», - деді ресейлік сарапшы 100kadam.kz. берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Қазақстанды одан әрі дамытудың маңызды міндеті Елбасы Н.Назарбаев ұсынған институционалдық реформа болып табылады. Ресейлік саясаттанушы Ұлт жоспарының басты міндеті тәуелсіз Қазақстан халқына тұрақты өмір сүруді сыйлау болып табылады.

«Болашаққа қозғалудың басты қадамы институционалдық дамытуды дұрыс жүзеге асыру болып табылады. Осы үрдіс  Елбасы басшылығымен ұсынылған интеграцияланған Ұлт жоспарының басты назарында тұр. Бұл орайда Елбасының нақты міндет-мақсатын қайталаудың қажеті бар ма? Ұлт жоспары қайта жандану орталығына институционалдық дамытуды басты назарға алады. Ұлт жоспарында идеология көрініс таппаған, онда Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматқа жайлы өмір сүруді қамтамасыз ету астары жатыр», - деді Я.Бутаков.

Барлық жаңалықтар