• Басты
  • 2015 жылы Қазалы ауданында 70 шақырым жол жөндеуден өтті

2015 жылы Қазалы ауданында 70 шақырым жол жөндеуден өтті

12 Қаңтар, 2016 11:18
Қазалы ауданының 70 шақырымға жуық көшелері 2015 жылы жөндеуден өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«33,3 км аудандық маңыздағы, 37,7 км елді мекен ішілік көшелер, барлығы 70 км жөндеуден өткізілді. 2 көпір құрылысы аяқталып, 2 көпір құрылысының жоба-сметалық құжаттары дайындалды», - делінген  хабарламада.

Одан басқасы, өткен жылы екі көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тіректі елді мекендер қатарындағы Өркендеу ауылының кіре берісіне бас қақпа орнатылып, Орталық алаңы абаттандырылды. Әйтеке би кентінен тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигон құрылысы салынды.

Барлық жаңалықтар