О.Колобов: Қазақстандық Ұлт жоспары -дәуірлік құжат

12 Қаңтар, 2016 09:43
Нұрсұлтан Назарбаевтың жобасы еуразиялық интеграцияны ынталандыру құралы мен бар әлемде әлеуметтік-экономикалық трансформация қалыптастыратын құжатқа айналуы мүмкін, деді Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында РФ ғылым қайраткері, РАЕН академигі, профессор Олег Колобов.

«5 институционалдық жоспарды жүзеге асыру бойынша  Ұлт жоспары «100 нақты қадам» мақсаты бір: Жаңа Қазақстан – Ұлы дала елінің құрылуы. Ол қазақстандық даму мен мемлекеттік құрылыстың стратегиялық жоба аясында дамуын қарастырады. Жоба Қазақстанның инновациялық негізде дамуын жаңғырту жүйесін қарастырып отыр. Олар: эволюция және жалпыкөлемдік, әлеуметтік және экономикалық қайта құрылым», - деді ресейлік ғалым.

Академик О.Колобов атап өткендей, қазақстандық Ұлт жоспары Қазақстанның гүлденуі мен Еуразиялық интеграцияның дамуына үлес қосады.

«Аталмыш құжат дәуірлік болып отыр. Ұлт жоспары уақытымен жүзеге асыру Қазақстанға армандарды орындауға мүмкіндік береді. Оның өміршеңдігі Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық бағыттағы  ұлттық қызығушылықтағы интеграциясын қарастырады. Қазақстандық арманды осындай әдіспен жүзеге асырған жөн, Қазақстанның гүлденуі мен Ресейдің  жаңаруына да бұл өте пайдалы. Екі елдің жүйелік өзара қатынасы қауіпсіздік пен экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаевтың жобасы еуразиялық интеграцияны ынталандыру құралы мен бар әлемде әлеуметтік-экономикалық трансформация қалыптастыратын құжатқа айналуы мүмкін»,- деді ол.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар