- Басты
- Жаңалықтар
- А.Күшкүмбаев: Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында бірқатар маңызды реформалар ұсынылған
А.Күшкүмбаев: Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында бірқатар маңызды реформалар ұсынылған
«Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында бірқатар маңызды реформалар ұсынылған. Елбасы атап өткендей, «Ұлт жоспарының Тәуелсіздіктің 25 жылдығында шығуы бекер емес. Бұл біздің елде болған ауқымды шараларға баға беруге мүмкіндік берді. Осы жылдары құрылған әлеуметтік жүйе кез келген жүйе сияқты өзгерістер мен жетілуге аяқ басты. Президент ұсынған идеяларды айтып өтсек. Бұл мемлекеттік қызметті реформалау болып табылады, ол конкурстық негізде жүзеге аспақ. Президенттің пікірінше меритократиялық принцип арқылы мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің сапалы мансаптық өсімі болуы керек. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің еңбегін бағалаудың жаңа жүйесі енеді», - деді ғалым 100kadam.kz. порталына берген сұхбатында.
Айболат Күшкүмбаевтың айтуынша, Елбасы өз мақаласында «Мәңгілік ел» мдеясын да тілге тиек етті.
«Н.Назарбаев өз мақаласында «заманауи әлемде барлық дамыған ел – бірыңғай ұлт», тарихи қалыптасқан жағдай аясында құрылған елдер. Осы орайда «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы біздің тарихи ұзақ жолымызды айқындап тұр. «Ел» сөзі өзінің ұзақмерзімді тарихына ие. Еуразиялық көшпелі империя – Ұлы Түрік қағанаты VI-VIII ғасырларда – «Түрк Ел» атағына ие болды, Алтын Орда XIII-XV ғасырлар – «Ұлұғ Ұлыс» (Великий Улус), Қазақ хандығы – «Қазақ Елі»», - деді ол.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз