- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанада Интеллектуалдық байланыс орталығы тәжірибелік қолданысқа берілді
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанада Интеллектуалдық байланыс орталығы тәжірибелік қолданысқа берілді
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «051 қызметі» ММ негізінде Астана қаласының Интеллектуалдық байланыс орталығы тәжірибелік қолданысқа берілді. Бұл - елорда тұрғындарының коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер бойынша барлық өтініштерін бірыңғай қабылдау орталығы.
«Байланыс орталығы өтініштерді тек телефон қоңыраулары, электронды пошта және «smart.astana.kz» порталы арқылы ғана өңдеуді көздемейді, енді бұған қосымша Астана тұрғындары өз өтініштерін әлеуметтік желілер арқылы да бере алады. Бүгінгі күннен бастап Facebook, Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде «Astana 109» ресми парақшасы мен #astana109 бірыңғай хэштегі іске қосылды», деді қалалық әкімдіктің аппараттық кеңесінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев.
Осылайша, Астана тұрғындары байланыс орталығына төрт жолмен өтініш білдіре алады: қалалық немесе ұялы телефоннан 109 тегін бірыңғай нөмірін теру арқылы; әлеуметтік желілерде #astana109 бірыңғай хэштегі бойынша ресми парақшаларға өтініштерін қалдыру арқылы өтінішіңіздің орындалу мәртебесін көру мүмкіндігі бар «smart.astana.kz» веб-порталына өтінім жіберу арқылы немесе жай ғана 109@ain.kz. электронды поштасына өтінішіңізді жіберу арқылы.
Сондай-ақ өтініштің тіркелуі үшін: өтініш білдірушінің толық аты-жөні, байланыс телефоны мен өтініштің нақты мекенжайы туралы анық мәліметтер берілуі тиіс екендігін назарларыңызға жеткіземіз.
Астана қаласының Интеллектуалдық байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін ескертеміз.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды»