- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылға Қазақстан Қарулы Күштері жауынгерлік даярлығының ауқымды дамуы жоспарланған
2016 жылға Қазақстан Қарулы Күштері жауынгерлік даярлығының ауқымды дамуы жоспарланған
2016 оқу жылындағы алғашқы оқу дабылы, белгі бойынша Қарулы Күштердің барлық түрлері, әскре тектері мен өңірлік қолбасшылық әскерлері көтерілді, 2015 жылы әскери қызметшілердің қол жеткізген жетістіктерін, сондай-ақ дамыту мен әрі қарай жетілдіруді қажет ететін әскерлердің жауынгерлік даярлығы мәселелері мен 2016 жылға арналған тиісті жоспарларды көрсетті.
«Біз жеке құрамды хабардар ету, жинау, белгіленген аудандарда құрамалар мен бөлімдердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауынан бастап сұрақтарды пысықтадық.Аталған сабақтарға 40 мыңнан аса адам тартылды, 1 500-ден астам бірліе қару-жарақ пен әскери техника шығарылды. Жеке құрам жаңа оқу кезеңіне деген даярлығы мен әзірлігін паш етті. 2016 жылы басқару органдарымен, «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының құрамалары және бөлімдерімен, Аэроұтқыр әскерлерімен «Айбалта-2016» ірі ауқымды оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отырмыз. Жоспарымызда көптеген оқу-жаттығулар мен практикалық сабақтар бар», – деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ Бас штабының бастығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов.
Сонымен бірге жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде Әуе қорғанысы күштерінің құрамынан жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдар әуеге көтерілді, әртүрлі типтегі авиациялық техника қозғалтқыштарының іске қосылуы жүзеге асырылды, қосалқы әуеайлақтар пайдалануға дайындалды. «ҚР ҚК-нің түрі ретінде Әуе қорғанысы күштері тактикалық-арнайы сабақтарға қатысты. Барлық әскери бөлімдер мен бөлімшелер тартылды.
Жаттықтыру үдерісінде хабардар етуді, ӘШҚҚ жауынгерлік есептоптар авиациясы экипаждарының үйлесуін пысықтадық», – деді ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – бас басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Игорь Свиридов. Корабльге қарсы, әуеге қарсы және суастыға қарсы-диверсиялық қорғаныс бойынща оқу тапсырмаларын пысықтау үшін теңізге Әскери-теңіз күштерінің корабльдері шығарылды. «Жек еқұрам Бас штабтың қойған тапсырмаларын орындады. Байланыс жүйелері, басқару пункттері ақаусыз. Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру қорытындысына дән ризамыз», деп түсіндірді ҚР ҚК ӘТК Бас штабының бастығы 1-дәрежелі капитан Қайыргелді Есенеев. 2016 жылға қатысты ол жауынгерлік кезекшілікті атқаруға, корабльдерді, күштер мен құралдарды дайындауға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Сондай-ақ ағымдағы жылы Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде маңызды оқиға болмақ. Яғни, корабльдер арсеналы жаңа жауынгерлік бірлікпен толығады деп күтілуде. Биылғы жылы ҚР ҚК-де әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығына аса мән беріледі. Бұл ретте жаяу әскерлеріміз, әскреи теңізшілеріміз бен әскери ұшқыштарымыз Армиялық халықаралық ойындарға қатысатынын айта кеткен жөн. Әскерлерде осынау ірі халықаралық деңгейдегі сайысқа дайындық басталып та кетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді